
2025 жылғы 12 мамырдан бастап «Жанажол» автокөлік өткізу бекетінде CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесін енгізу жоспарлануда.
Жоба шеңберінде Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.
Ол үшін сілтеме бойынша өту керек https://cgr.qoldau.kz/ru/start, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.
Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақытылы келу қажет.
Өз кезегінде, ЕАЭО елдерімен шекарада электрондық кезек жүйесін енгізу өткізу пункттерінде мерзімдік жиналуды болдырмауға және шекарадан өту процесін жүйелеуге мүмкіндік береді.