
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заңсыз акцизделетін өнімді анықтау жөніндегі жұмыс шеңберінде, сәйкестендіру құралдарының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы мен түпнұсқалығы, лицензияның болуы мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде дара кәсіпкердің алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензиясының жоқтығы анықталды.
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен дара кәсіпкер 1 567 965 теңге сомасына 1 173 бөтелке мөлшерінде алкоголь өнімі тәркіленіп, 98 300 теңге (25 АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкогольді өнімдерді лицензиясыз сатуға тыйым салынғанын еске салады, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес құқық бұзушылық заттарын тәркілей отырып айыппұл салу көзделген:
- жеке тұлғаларға - 15 АЕК (58 980 теңге);
- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 25 АЕК (98 300 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК (157 280 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 150 АЕК (589 800 теңге).
Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл сомасы 2 есеге ұлғаяды.