
2025 (екі мың жиырма бесінші) жылғы 13 (он үшінші) қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа дақатысушыларының ISO (айсо) 20022 (екі жүз жиырма екі) төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшуін іске асырды.
Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 (екі мың он алтыншы) жылғы 31 (отыз бірінші) тамыздағы No 208 (екі жүз сегіз) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны "нақты төлеуші" және "ақша жөнелтуші" бағандарын қамтиды.
Борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық жүргізу шеңберінде сот орындаушысы төлеген кезде қолма –қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының 15-тармағының 10-абзацына сәйкес "нақты төлеуші" бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты, сондай-ақ "ЖСН(БСН)" бағанында-оның ЖСН көрсетіледі.
Бұл ретте МКК ақпараттық жүйесінде борышкер үшін жеке сот орындаушысы аударған бюджетке төленетін төлемдер сомаларын тарату "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында ЖСО көрсетілген ЖСН/БСН бойынша осындай борышкердің дербес шотына жүргізіледі.