Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың қорытындысы боййынша мемлекеттік қызметшілермен кірістер мен мүлік туралы декларацияларды табыс ету мерзімі 2017 жылдың 31 наурызында аяқталатынын еске салады.
Салық кодексінің 185 бабы 2 тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына , Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету мiндетi жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етедi.
«Салық төлеушінің кабинеті» WEB- қосымшасында салық төлеушілерге 230.00 СЕН толтыру және жіберу жұмыстарын тездететін, 230.00 СЕН тапсыру үшін жеке сервер орналастырылғанын мәлімет үшін қосымша хабарлаймыз.
Сонымен қатар «230.00 СЕН табыс ету үшін салық төлеушінің кабинетінде» 2013жылдан бастап ағымдағы жыл бойынша кезеңге 230.00 СЕН табыс ету және нысандар журналын қарау мүмкіндігі бар. «230.00 СЕН табыс ету үшін салық төлеушінің кабинетінде» авторластыру үшін пайдаланушылардың әрекеттерін біртіндеп сипаттаумен нұсқау ftp://ftp.mgd.kz/ и ftp://ftp.salyk.kz/ орналастырылған.
Тәжірибеде жие кездесетін, бірнеше жағдайларды талдайық:
1 сұрақ.2016 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қызметтен босатылды. Декларацияны табыс ету бойынша міндеттеме бар ма?
Жауап:
«Сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы кїрес туралы» Заңының 11 бабы 3т.келісілген 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстағы редакцияда, теріс қылықтары бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар, Қазақстан Республикасының Салық заңнамасымен белгіленген, тәртіпте жұмыстан босатылғаннан кейін үш жыл бойына, салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары орналасқан, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тұрғылықты орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
Сондықтан теріс қылықтары бойынша қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымды ұстанбайтын, тұлға, декларацияны табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі кезінде, яғни келесі есепті жылдан кейінгі, жылдың 31 наурызы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етпейді.
2 сұрақ. Мен мемлекеттік қызметшімін. 2016 ж. мемлекеттік қызметке үміткер ретінде мен бастапқы декларацияны қаңтар айынан бастап маусым айы бойынша тапсырғанмын. Мемлекеттік қызметші ретінде 2016 жылға декларацияны қалай тапсыруым қажет.
Жауап: «Сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы кїрес туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағымен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстағы редакцияда, мемлекеттік лауазымды ұстанған, тұлғалар, Қазақстан Республикасының Салық заңнамасымен белгіленген, тәртіпте өзінің өкілдіктерін орындаған кезде жыл сайын салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары орналасқан, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тұрғылықты орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығымен бекітілген, салық есептілігін (230.00 н. декларация) құру ережесіне келісілген мемлекеттік лауазымға үміткерлер мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы бұйрық шыққанға дейін жыл басынан бастап кезеңге «бастапқы» белгісмен декларацияны тұрғылықты орны бойынша салық органына табыс етеді. Сонымен қатар олармен №1 қосымша толтырылады.
Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілермен декларацияны толтырғанда өзінің өкілдіктерін орындағанда декларация ұсынылатын ай емес, салық кезеңі және «кезекті» салық есептілігі түрі көрсетіледі. Сонымен қатар №2 қосымша толтырылады. Қосымшада кірістер туралы мәліметтер жыл басынан бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге, ал мүлік туралы мәліметтер есепті кезеңнің 31 желтоқсаны жағдай бойынша көрсетіледі.
3 сұрақ. Мемлекеттік қызметшімен есепті кезең бойына мүліктік табыс алынды 240.00 немесе 230.00 қандай есептілік нысанда табыс алынғанын көрсету қажет.
Жауап: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығымен бекітілген, салық есептілігін құру ережесіне келісілген мемлекеттік қызметшілер 230.00 декларацияда (№2 қосымша) 230.02.003 I жолында Салық кодексінің 180 бабына сәйкес анықталатын, мүліктік кіріс сомасын көрсетеді.
Сонымен қатар, мүліктік кіріс бойынша төлем көзіне салынбайтын жеке табыс салығы сомасы 230.02.005 I жолында көрсетіледі. Егер ЖТС сомасы жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00 нысаны) көрсетілген жағдайда, онда 230.02.005 I жолында көрсетілмейді.
4 сұрақ. Мемлекеттік қызметші 2016 жылы айырылысқан. Жұбайына 2016 жылға декларацияны табыс ету керек пе.
Жауап: Мемлекеттік қызметшінің жұбайы, неке бұзылған кезде декларацияны табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі басталған сәтке, яғни есепті жылдан кейінгі, жылдың 31 наурызына кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етпейді.