
2024 жылғы 03 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Д. Қабдөшев «Петропавл-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Департамент басшысы СЭҚ-ке қатысушының тыйым салулары мен шектеулері бойынша нормалардың сақталуының дұрыстығын анықтау бойынша кедендік тексеруге қатысты.