Date of publication: 06.08.2024 15:56
Date of changing: 06.08.2024 15:59

 

Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен функционалды, оның ішінде СӘИЖ жаңа салықтөлеуші ​​кабинетін іске қосу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан сағат 19.00 бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (Акциз АЖ) өшірілетінін хабарлаймыз.

2024 жылғы 5 тамызынан бастап бұрын акциздік ақпарат жүйесіне ұсынылған акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (алкоголь, темекі, мұнай өнімдері және биоотын) өндіру мен айналымы туралы декларацияларды ұсыну СӘИЖ-нің салықтөлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетінде тіркелу үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту керек.

СӘИЖ салықтөлеуші ​кабинетінде тіркелу және жұмыс істеу нұсқаулары біздің YouTube арнамызда орналастырылады.

СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда, телеграмм чат https://t.me/axcise111 немесе 8(7172)73 55 11 және                           +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.