
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктері, студенттері және басқа азаматтардың бастамшылық топтары қатысқан қала және аудан орталықтарының қоғамдық маңызы бар аумақтар экологиялық сенбіліктер көпжылдық дәстүрге айналған сәуір айында жүргізілді.
1941-1945 жж. Ұлыс Отан соғысының Жеңіс күні 70 жылдықты мерекелеу қарсаңында бүкіл республикалық экологиялық сенбілікке облыс Департаментінің және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлері 2015 жылғы 18 сәуірде қатысу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер депатаменті толық қолдады.
«Қаланы тазалаймыз» - осындай ұранмен Департамент қызметкерлерінің экологиялық сенбіліктері өтті. Осы күні ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, аса белсенділікпен және ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстар таңертеңнен бастап жауған жаңбырға дес бермеді.
Бөкетов к. бойынша әкімдікпен бөлінген аумақта негізгі жұмыс қарқын алды. Департамент қызметкерлері күзгі жапырақтардан, барлық лас қоқыстан, аумақты тазартты. Ағаштарды ағартқаннан кейін, жарқырап шыға келді.
Бұдан басқа, әкімшілік ғимараттардың жанындағы аумақ қар мен қоқыстан тазартылды, жол жиектері, бұталар және ағаштар ағартылып,қоршаулар сырланды және т.б. Әкімшілік ғимараттардағы қызметтік орындар тазартылып, жуылды. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен аудан орталықтарында да осындай жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ осы күні қызметкерлер Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің үй маңдарын жинауға көмектесті, қоқыстар мен қарларды шығарды, ағаштарды кесті, құрылыс материалдарын және көмірді тасыды, ағаштарды жарды, қоршауды орнатты және шатырларды жөндеді және т.б. Осындай жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.
Сенбілікті ұйымдастыру жергілікті атқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді.