Date of publication: 19.01.2017 18:18
Date of changing: 19.01.2017 18:18

Құқық бұзушылықтарды уақытылы елеу мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тәулік бойы сенім телефоны ұйымдастырылды  (8 (7152) 46-33-29).

Комитет төрағасының 20.01.2015ж. №37 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы   Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің және оның аумақтық органдарында сенім телефоны жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес сенім телефонына келіп түскен азаматтардың хабарларын есепке алу журналында тіркелген, 2016 жылда сенім телефонына он төрт хабар келіп  түсті.  

Барлық түскен хабарлар бойынша  толыққанды қамтамасыз ету үшін уақытылы елеу шаралары қабылданды.  Қылмыстық жазаланатын әрекеттер сипаттары бар, ақпарат сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімдемесінде тіркелген.   

Жоғарыда көрсетілген  сенім телефоны бойынша экономика және қаржы саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер   мен  бұзушылықтарға байланысты, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері туралы   кез-келген хабарлар қабылданады.  

 Тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы департаменттің ЭТҚ-не немесе СҚО бойынша МКД ЭТҚ дислокациясының орны бойынша тікелей экономика саласында дайындалатын, жасалатын не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар  туралы өтінішті немесе хабар беруге азаматтардың құқығы бары туралы түсіндіру ақпараты облыстық және аудандық БАҚ-да  жарияланған.