Date of publication: 30.10.2023 15:51
Date of changing: 30.10.2023 16:24

 

2022 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 1-ші отырысының хаттамасына сәйкес, тараптар Комитет Қырғыз Республикасына экспорттау кезінде тасымалданатын тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың (бұдан әрі – ТІЖ) болуын қамтамасыз ететініне уағдаласты.

Сондай-ақ, аталған хаттамада Қырғыз Республикасының аумағында ТІЖ болмаған жағдайда бақылау іс-шараларын жүргізу көзделген.

Айта кету керек, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында ЕАЭО елдерінің өзара саудасында тауарларды өткізу кезінде ТІЖ-ды міндетті ресімдеу енгізілді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына сәйкес, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттеме тауарларды өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей туындайды.