Өткен 2016 жылы облыс бойынша тұтасымен 700 бірыңғай консультациялық күн өткізілді, онда 5364 жеке тұлға консультация алды, нәтижесінде жеке кәсіпкер ретінде 2 779 салық төлеуші тіркелді.
Практикалық көмек көрсету мақсатында, кәсіпкерлікті бастаушылар үшін Петропавл қ. және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларымен апта сайын бейсенбі күндері бірыңғай консультациялық күндер өткізіледі.
Басқарма мамандары барлық салық салу мәселелері бойынша консультациялар ұсынады. Салық өтініштерін, салық есептілік нысандарын (СЕН) толтыру бойынша салық төлеушіге көмек көрсетеді. Сонымен қатар СЕН кезең-кезеңмен толтыру рәсімін және оны электронды түрде жолдауын түсіндіреді.
Консультациялар алу үшін облыс аудандарының тұрғындары тиісті аумақтық мемлекекттік кірістер органына, ал Петропавл қ. тұрғындары Мир к. 85, 31 каб. мекен-жайы бойынша жүгіне алады.