Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама тәртібіне көшіріледі.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін (біріккен жеке кәсіпкерлік) жеке тұлға (біріккен жеке кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасы) рұқсаттар мен хабарламалар саласында уәкілетті органмен бекітілген, нысан бойынша хабарламаны мемлекеттік кірістер органына тікелей немесе «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы ұсынады.
Біріккен жеке кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда біріккен жеке кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасы барлық біріккен жеке кәсіпкерлік қатысушыларының атынан қол қойылған, сенімхатты ұсынады.
Егер де кәмелеттік жасқа өтініш беруші жетпесе, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі ұсынылады, ал осындай келісімнің жоғында- некеге тұрғандығы (жұбайлық) туралы куәлік көшірмесі не кәмелетке толмағанды қабілетті деп хабарлау туралы сот шешімі не қамқоршы және қамқорлық органның шешімі ұсынылады.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Ұйымдар тізімдемесіне енгізілген, тұлғалар және терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты, тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарландыру беруге құқығы жоқ
Жеке кәсіпкер орналасқан орны бойынша салық органына оның тіркеу деректері және (немесе) біріккен кәсіпкерлік қатысушылары (мүшелер) туралы деректердің өзгерген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Тіркеу деректерін өзгерту тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған, хабарламаны алған күннен кейін келесі, бір жұмыс күні ішінде салық органымен жүргізіледі.
Жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға қатысты тіркеу деректерін өзгерту тәртібі бұрынғыдай қалады- тіркеу есебі туралы салық өтінішінің негізінде.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Ресей Федерациясының азаматтарына жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуге тұру құқығы берілгенін, назарға жеткіземіз.
СҚО бойынша МКД