
>Қарым–қатынастарды нығайту және корпоративтік рухты, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері арасында «менің қазіргі жұмыс орным және менің болашағым» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды. Бұл конкурс мемлекеттік қызметшілерге шығармашылық жағынан өзін толық көрсетуге және өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталды. Бұл Департаменттің ұйымдастыру – қаржы басқармасының бас маманы Қ.Б.Омаровтың, Департаменттің ірі салық төлеушілер басқармасының бас маманы Т.Ә. Нұртазиновтың, Департаменттің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы А.Х. Рахимовтың эссесі.