
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының салық заңнамсына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша салық төлеушілермен семинарлар, дөңгелек үстелдер үнемі өткізіліп тұрады. 2015 жылғы қаңтардың 1-нен бастап ҚР салық заңнамасына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша ауыл шаруашылық және шаруа-фермерлік қожалықтардың және ауыл шаруашылық тауар өндіруші-заңды тұлғалар өкілдерімен кезекті дөңгелек үстел кездесуі 2015 жылғы сәуір айында ұйымдастырылды. Осы іс-шараға қатысқандар: Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары- Мәпенова Роза Жақсылыққызы, Жамбыл ауданы Кәсіпкерлер палатасының басшысы, Жамбыл ауданы бойынша МКБ мамандары.
МКБ бас маманы- Майорова Н.Н,ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, аква мәдениет (балық шаруашылығы) өнімдерін және СПК- заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер-заңды тұлғалар үшін жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша жеңілдіктер 70 % жойылған. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 448, 449, 451,452 баптарына өзгерістер енгізілген.
Осы кодекстің 147 бабы, 2 тармағымен көзделген, жалпы тағайындалған тәртітпті қолданатын, қызметті ере
кше іске асыратын, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, аква мәдениет (балық шаруашылығы) өнімдерін және СПК- заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық бойынша, әлеуметтік салық ставкасы 11% - төмендетілген, 6,5 пайызды құрайды (СК 358б. 3-1 т.).
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер-заңды тұлғалар үшін 01.01.2015ж. бастап жер салығының ставкасы 5 есе артылған.
2015 жылға БДС қолданатын, шаруа қожалығы (фермерлік) үшін салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты МКБ бас маманы А.Д. Әбілмажінов ұсынды.
1-1 тармағымен толықтырылған, Салық кодексінің 439 бабында шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнайы салық режимін қолданудың белгілері өзгертілген. БЖС шаруа және фермерлік қожалықтар келесі шарттарға бір уақытта сәйкесті қолданады:
1)жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің (екінші жер пайдалану құқығын қоса) жиынтық ауданы Солтүстік Қазақстан облысы үшін белгіленген, келесі жер учаскесінің шекті ауданынан асырылмайды- - 3 500 га;
2) оған осы арнайы салық режимі таратылатын, ерекше әрекет түрлерін іске асырады.
3) қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайды (СК 439 б. 1-1тт.).
Жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында егістік бойынша жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына бірыңғай жер салығының ставкалары артылған. Арнаулы салық режимі таратылған, егістік, табиғи шабындықтар және басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,2% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасы Жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық мақсаттағы пайдаланбайтын жерге он реттен асырмай бірыңғай жер салығының ставкасын арттыруға құқығы бар. (СК 444б. 1т.)

БЖС қолданатын ШФҚ 01.01.2015ж. бастап шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі
қолданылатын, әрекетті іске асыру нәтижесінде құрылған, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлемнен босатылған (СК 493б.) Салық кодексінің 446,447 баптарында енгізілген өзгерістерге байланысты БЖС бойынша декларациядан қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемді есептеу және төлеу бойынша жолдар жойылған.
Баяндаманы тыңдағаннан кейін ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша мәселелерге талқылау жүргізілген.
МКБ басшысының орынбасары Р.Ж. Мәпенова қатысушыларға алғыс білдіріп, дөңгелек үстелдің қорытындысын жүргізді және кез келген туындаған мәселелер бойынша 2-15-36 сенім телефон нөміріне хабарласа алатындарын, БАҚ-да қажетті барлық ақпаратты көрсетумен үнемі салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, салық заңнамасын түсіндіру жөнінде іс-шара өткізілетінін хабарлады.




























