Date of publication: 09.01.2017 15:34
Date of changing: 10.01.2017 17:13

СҚО бойынша МКД   назарыңызға келесіні жеткізеді

 

2015 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ДСҰ біздің еліміздің кіруі туралы хаттама ратифицирленді және 11.01.2016ж.  бастап Қазақстан көрсетілген ұйымның толық құқықты мүшесі болды.   

Осы хаттама Евразия экономика одағының (бұдан әрі-ЕАЭО) кеден аумағына тауарлардың жеке түрлерінің айналысы мен әкелуді реттеудің ерекшілігін  анықтайды.  

Яғни, ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығымен төмендетілген әкелу кедендік баждар қолданылатын,тауарлар тізімдемесі бекітілді (бұдан әрі- алу тізімдемесі). 

Қазіргі таңда алынған тізім 1347 тауар позициясынан  тұрады  сонымен қатар:( ауыл шаруашылық өнімі, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары және т.б.)  Қазіргі таңда ЕАЭО елдерімен  алынғандар тізімдемесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізулуде, бұдан  әрі Тізімдеме бойынша ұстанымдар саны артатын болады. 

Осыған байланысты, 11.01.2016ж. бастап ЕАЭО импортта, экспортта салық төлеушілерге келесі талаптарды сақтау қажет: 

1) Алынған тізімдемеден, ДТҰ ставкалары бойынша ҚР әкелінген, тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары әкетуге және айналымға жіберуге тыйым салынған;   

2)  ЕАЭО  БКТ ставкалары бойынша ҚР әкелінген, тауарлар, ЕАЭО кеден аумағына  әкетілгенде, кеден декларациясының көшірмесі  және электронды шот-фактурасы алып жүрілуі керек;   

3)  ҚР  өндірілген тауарды ЕАЭО мемлекет- мүшесіне  әкеткенде, егер осы топтың тауары  алынған тізімдемеде  болса, растайтын құжат ретінде,  СТ-1 үлгісі тауарының шығарылғаны туралы сертификатты  ұсыну қажет. 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Тізімдемеге енгізілген, тауар әкетілген жағдайда, салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №640 бұйрығымен бекітілген  үлгі бойынша электронды шот-фактураны және тауар декларациясына көшірмелерді тауар ілеспе құжат  ретінде куәландырғаны туралы  (көшірмелерін қоса ұсынып) өтінішті мемлекеттік кірістер органына беру қажет.    

Евразия экономикалық одақ мемлекет- мүшелер аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан тауарлардың жеке түрлерін әкеткенде ілеспе құжаттарды куландыру регламенті «Евразия экономикалық одағының кеден аумағына әкетуге және айналымға жіберуг жөнінде кейбір мәселелер туралы»   ҚР ҚМ  Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының  2016 жылғы 21 қаңтардағы №22  бұйрығымен бекітілген.

 Мемлекеттік кірістер департаментімен ДСҰ  бойынша Қазақстан Республикасызаңнамасының талаптарын салық төлеушілердің  сақтауы жөнінде  тұрақты  негізде жұмыс жүргізіледі. Бұдан басқа, САЭО қатысушы- елдер арасында СЭҚ қатысушыларының  орын ауыстыруы туралы мәліметтермен  тұрақты алмасу іске асырылады.

Қазақстан  Республикасы  заңнмасының бұзушылық фактілерін болдыртпау  туралы салық төлеушілерге хабарлаймыз. Бұдан басқа, шот фактураларды шығару тәртібінің бұзушылықтарына жауапкершілікті қарастыратын, Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 280-1 бабына назар аударыңыздр.

ДСҰ шеңберінде тауарлар экспортын, импортты іске асырғанда туындаған мәселелер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне  жүгіну қажет.

 

 

 ЖСӘБ бас маманы

Некрасова Н.В.