Date of publication: 28.12.2016 17:12
Date of changing: 28.12.2016 17:13

Бұрын біздің ақпараттарда 2017 жылғы 1 қаңтардан ҚҚС барлық төлеушілердің электронды шот-фактурадан міндетті үзінді көшірме алу  болжамы жеткізілген. 

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері-мемлекеттердің алдында алған міндеттеріне байланысты, Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) базасында Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) тауарларды қадағалауды есепке алу жүйесін құру бойынша, ЭШФ міндетті үзінді көшірмеге кезең-кезеңмен көшу қаралған:

  • 2018 жылғы 1 қаңтардан – мониторингтеуге жататын, ірі салық төлеушілер;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан- ҚҚС төлеушілер.

Сол сияқты, Қазақстан Республикасының ДСҰ кіруі аясында, ҚР  

ҰЭМ-нің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 754 бұйрығымен бекітілген кеден бажының ставкасын төмендету қолданылатын тауарлардың Тізбесі, оларды сату және атауы осы Тізбеге кірген тауарларды сату кезінде электронды шот-фактураның үзінді көшірмесі бойынша  міндеттеме туатынын ескертеміз.

 ҚР Салық кодексінде уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының және кеден қоймаларының  иелері болып табылатын, салық төлеушілерді электронды нысанда шот-фактуралардың үзінді көшірмесін алуға міндеттейтін нормалар бар. Барлық  қажетті ақпарат, сол сияқты нормативтік-құқықтық актілер ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мекенжайы:  kgd.gov.kz, ДСҰ бөлігі, сайтында орналастырылған. Техникалық және әдіснамалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда, ЭШФ АЖ қолдау көрсету қызметіне жүгінуге болады.