Date of publication: 27.12.2016 17:50
Date of changing: 27.12.2016 17:51

 Жаңа жыл – сиқырлы, керемет сыйлықтар мен тосын сыйлар мерекесі. Әрқайсымыз жүрегіміздің түбінде жатқан, ең бір аңсаған арманымыздың осы күні орындалғанын қалаймыз. Бәріміз жаңа жылдық сыйлықтарды асыға күтеміз, ал үлкендер, кішентай балалар сияқты Аяз атаға да сенеді.  

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Жаңа жылдың қарсаңында Солтүстік Қазақстанның «Біздің отбасы» мүгедектердің құқығын қорғау қоғамдық бірлестігіне материалдық көмек көрсетті.

 «Аяз атадан» сыйлықтар қоғамдық бірлестіктің мүшелері үшін, толық емес және аз қамтылған отбастары, қамқордағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жолданды. Бұл Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органының өткізіп отырған бірінші қайырымдылық акциясы емес.

  Акцияның мақсаты- аз қамтылған отбастарының балаларына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемасына қоғамның назарын аудару және ең бастысы балаларға қуаныш сыйлау.