23 желтоқсанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Түбіртек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясының басты финалы өтті, онда бас жүлде-Chevrolet маркалы автокөлігі ойнатылды.
Еске салып кетейік, ойын қазан және қараша айларында бірінші кезеңде облыс деңгейінде өтті, онда жеңімпаздар БАҚ және «Атамекен» КҰП өкілдерінің қатысуымен электрондық форматта анықталды, ай сайын 3 жеңімпаздан және ең көп түбіртек жолдаған бір белсенді қатысушыға жұбаным сыйлығы берілді.
«Атамекен» КҰП ұсынған автокөліктің ойынына, 2016 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде, бірінші деңгейде ұтқан түбіртектерден басқа, тіркелген барлық түбіртектер қатысты,
Акцияға «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы 1,5 млн. фискалды түбіртектен аса мемлекеттік кірістер органдарына жолдаған, 27 мың қазақстандықтар қатысушы атанды.
Акцияның мақсаты- азаматтардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселесінде құқықтық мәдениетін тәрбилеу, көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту және кәсіпкерлер арасындағы адал бәсекелестікке ынталандыру.
Азаматтардың өз іс-әрекеттерімен салық заңнамасын орындау бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болу үшін.
Ойын құрамында БАҚ және қоғам өкілдері, бизнес бірлестіктерінің өкілдері бар, комиссияның қадағалауымен максималды түрде айқын және объективті өткізілді.
Жеңімпазды анықтау үшін, бақытты түбіртекті кез келген таңдау әдісімен жасалған, компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып, жүзеге асырды.
Ең басты жүлдеден басқа 100 мың және 300 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар да ойнатылды. Тиісінше, сертификаттардың иелері Алматы қаласынан Қуаныш және Оңтүстік Қазақстан облысынан Сәкен атанды.
Акция екінші жыл өтіп жатыр. Былтырғы жылы Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері автокөлік иегері атанған.