Date of publication: 03.02.2023 14:42
Date of changing: 03.02.2023 14:44
 
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлға көлік құралын (бұдан әрі-КҚ) сатқан кезде тіркеу есебінен шығару сәтінде міндетті салық төлеу талап етілмейтінін хабарлайды. Сатушы сатылған көлік үшін салықты келесі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге міндетті.
 
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар КҚ-ға салық төлеушілер болып табылады, бұл ретте салық кезеңі үшін салық сомасын есептеу және төлеу әрбір КҚ үшін салық ставкасы бойынша дербес жүргізіледі.
Салық сомасын есептеуді kgd.gov.kz порталдағы калькулятордың көмегімен жасауға болады және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында.
 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлік құралдарын жария етудің жариялануына байланысты 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемелері белгіленді. Бұл ретте механикалық көлік құралдарының санаттарын, алым мөлшерлемесін қолдану тәртібі, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындады (ҚР 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 Қаулысы).
Бұл ретте, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі бар шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жасқа дейінгі ершікті тартқыштардың иелері үшін механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым бойынша "0" мөлшерлемесі белгіленген.