Date of publication: 17.04.2015 17:33
Date of changing: 17.04.2015 18:23

      Мамлют ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұрыңғы Салық басқармасы) бастығының орынбасары М.М. Садықовтың қатысуымен қызметкерлер ҰОС ардагері Заки Мурадымович Мамлютовтің үй маңына сенбілік жасады. Қызметкерлер мынадай жұмыстар жүргізілді: үй маңын қардан тазалады, құрғақ қоқыстарды шығарды, ағаштар мен бұтақтарды  әктеді, сонымен қатар шаруашылықтағы басқа да жұмыстар атқарылды.

      Заки Мурадымович  Ұлы Отан соғысы туралы айтқанды ұната қоймайды. Ол Жапон соғысында болған, сол жерде 7 жылын өткізген, тек содан соң ғана үйне оралған. Қазіргі уақытта үлкен жанұялы отбасы- балалары, немерелері, шөберелері бар. Барлығы ол кісіні жақсы көреді, бағалайды және Заки Мурадымовичпен мақтанады! Жуырда Заки Мурадымович әйелі екеуінің гаухар тойын атап өткен (бүл кісі қәзірде 87 жаста).

       Заки Мурадымович 9 мамыр Жеңіс бағындағы Мәңгі от жанында өзі сияқты ардагерлермен кездесуге үлкен толқумен дайындалуда. Әрине, барған сайын майдангерлер қатары азаюда, оны мойындау өте ауыр. Қазіргі таңда Мамлют ауданында 8 майдангер қалған. «Иә, әзірге тіріміз, барлық әлемде Жеңіс күнінің тойлануын теледидардан көреміз, мерекелейміз,   кездесеміз»: - деді ақсақал майдангер.

       Ұлы Отан соғысының 70-жылдық Жеңісін мерекелеудің атаулы күні қарсаңында, басқарма қызметкерлері жастарды және мемлекеттік қызметкерлерді осындай сенбіліктерді жасауға  белсенді қатысуға шақырады. Расында да солай, жыл сайын ҰОС ардагерлерінің қатары азаюда.

СІЗДЕРГЕ, ЖЕҢІС ҮШІН МЫҢ АЛҒЫС!