Date of publication: 08.11.2016 18:42
Date of changing: 08.11.2016 18:43

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының басты мәселесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша тиімді жұмыс жүргізу болып табылады. Осы мәселені шешуден біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі, аман-есендігі және болашағы тікелей байланысты. 

           Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет саласындағы жұмыс Ішкі қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі ІҚБ) және өз құзыретінің шегінде Адам ресурстары басқармасымен (бұдан әрі АРБ) жүргізіледі.         

        Департаменттің ІҚБ негізгі міндеттері болып табылады:

- Сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын тәртіптік күнәлар, сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен және жұмысшыларымен жасалынған фактілерді анықтау және алдын алу;

-  Мемлекеттік кірістер органдары қатарының тазалығын қамтамасыз ету.   

Департаменттің АРБ өз құзыретінің шегінде «ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» ҚР Заңы, «ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі»  ҚР Заңын сақтау, департаменттің әкімшілік қызметкерлер тарапынан заңсыз әрекеттерін кесу және алдын-ала сақтандыру, анықту бойынша жүргізеді.

Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша шаралар «2015-2016 ж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі - Жоспар) ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 ж. 28 қыркүйек №605 бұйрығымен бекітілгенге сәйкес жүргізіледі.

Департаменттің ІҚБ бірге АРБ жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметте тұрғанына байланысты, қабылдау және тежеулер мен тыйымдарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша, барлық есептер бойынша, арнайы органдардың қорлары бойынша, қылмыстық топтарға, заңсыз діни көзғарасқа қатыстылғын тексеру бойынша кандидаттарға тексеріс жүргізіледі.

Тұрақты негізде департаменттің лауазымды тұлғаларымен қызметтік тәртіп және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін сақтау бойынша мониторинг жүргізіледі. 2016 ж. 9 айында мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін департаменттің 6 қызметкерелері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.  

11.02.2016 ж. – 26.05.2016 ж. дейінгі кезеңінде ІҚБ басшысымен, Жоспардың 8 т. орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық сұхбаттар және техникалық оқулар жүргізумен (барлығы 14) департаменттің аумақтық МКБ шығу жүзеге асырылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың білуі жөнінде тестілеу ұйымдастырылған.

2016 ж. 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тематика, сонымен қоса Департаменттің АМКБ шығуымен 23 семинарлар-дәрістер жүргізілген. 2016 ж. басынан департаментте мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша консультациялық 2 отырыс жүргізілді, БАҚ 5 материалдар жарияланды, ТД бір баяндама және радиодан бір баяндама жасалды. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Кәсіпкерлік субъектілері тарапынан сыбайлас жемқорлық жөнінде ескерту бойынша шаралар туралы» тақырыпқа сыртқы экономика қызметінің қатысушыларымен «дөңгелек үстел» жұмыс кездесуі жүргізілді.

2016 ж. бірінші тоқсанда, бекітілген Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністері нысанына  және ұжымдағы моральдық-психологиялық климат қалпына департамент қызметкеерлеріне сауалнама жүргізілді, сондай-ақ департаменттің лауазымды тұлғаларымен кірістер туралы уақытылы декларация тапсыру бойынша бақылау бойынша жұмыс жүргізілді.

Департаменттің ІҚБ АРБ бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамасатан, тікелей басшылар тарапынан тиісінше бақыламау нәтижесінде лауазымды тұлғалармен жіберілетін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен ұштасқан, қызметтік тәртіпті бұзған фактілер орын алуда. Жылдың басынан департаменттің 5 лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін, тәртіптік күнәлары үшін толық емес қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Департаментпен 2015-2016 ж. іс-шаралардың аймақтық жоспарын орындау үшін 2015-2025 ж. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық стратегиясын және Солтүстік Қазақстан облысы көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимылды жүзеге асыру бойынша, 22 т. сәйкес департаменттің интернет-сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша органмен жүргізілетін іс-шаралар орналастырылатын бөлім құрылды және жұмыс істейді, бөлім тұрақты негізде өзекті мәселелермен жаңартылады.

Солтүстік Қазақстан облысы мемелекеттік кірістер органдарының барлық ғимараттарында, департамент сайтында, Петропавл қ. базарларында және сауда үйлерінде департаменттің лауазымды тұлғаларымен ҚР әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған фактісі туралы хабарламалар сыртқы экономика қызметінің қатысушыларымен, салық төлеушілермен жолдану үшін департаменттің сенім телефондарымен (8-715-2-46-02-31) ақпараттық баннерлер орнатылған.

Мемлекеттік кірістер органдарына қоғамның сенім деңгейін арттыру бойынша жүргізілетін іс шаралар шеңберінде МКК мониторинг орталығының «Call-центра» бірыңғай жұмыс істейтін нөмірлер енгізілген «1412» (ұялы телефон арқылы 88000806452) – ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің сенім телефоны, оның негізгі міндеті елдің әрбір нүктесінен осындай құқық бұзушылықтар туралы телефондар хабарламасын қабылдау және экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс қимыл мәселесі бойынша азаматтарға тегін консультациялық көмек көрсету болып табылады.