Date of publication: 27.09.2022 15:29
Date of changing: 27.09.2022 15:30

Темекі өнімдеріне акциз ставкалары бекітілді

Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі).

Акциз ставкалары фильтрі бар сигареттер 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана, 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана, 2025 жылы-15 900 теңге /1000 дана, сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға (бұдан әрі – ҚТБ) өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз мөлшерлемесінің мөлшерінен 70 пайыз деңгейінде акциз мөлшерлемесі айқындалды: 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана, 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана, 2025 жылы-11 130 теңге /1000 дана.

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.

 

Картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа мөлшерлеме артты және 2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтықты, 2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтықты, 2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтықты құрайды.