Date of publication: 02.08.2022 21:08
Date of changing: 02.08.2022 21:11

 

1. Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында ақпарат және құжаттар алмасуды көздейді, ол мынадай қағидаттарға негізделеді:

- ынтымақтастық;

- негізделген сенім;

- заңдылық;

- ашықтық;

- кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл.

Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

2. Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторинг жүргізіледі және оны ұзарту мүмкіндігімен үш жыл бойы қолданылады.

Бұл ретте деңгейлес мониторинг туралы келісімді, сондай-ақ деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санаттарын жасасу және бұзу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Деңгейлес мониторингке жататын салық төлеушілер деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер болып табылмайды.

3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс осындай бұзушылық фактісі нәтижелер бойынша анықталған кезде тоқтатылуға жатады:

1) мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде деңгейлес мониторинг:

деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабардар ете отырып, деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің келісімі;

деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға сот тәртібімен шағымдану фактісінің болмауы;

2) салық төлеушінің деңгейлес мониторингте болған кезеңі үшін салықтық тексеру кезінде жүргізіледі.