Date of publication: 04.10.2016 10:05
Date of changing: 04.10.2016 12:23

СҚО құқық қорғау органдары қызмет иттерінің бірінші  облыстық ведомство аралық жарыстары  өтті. 

Маман-кинологтардың біліктілігін арттыру,  сондай-ақ   іздегіш  қызмет иттерінің дайындығын тексеру мақсатымен, 2016 жылғы 26 қыркүйектен  бастап 28 қыркүйек бойынша кезеңде  құқық қорғау органдары қызмет иттерінің бірінші  Солтүстік Қазақстан облыстық ведомство аралық жарыстары  өтті. 

Жарыстар үш бағыт бойынша  өткізілді  (есірткі заттарын, жарылғыш заттарды табу, із иісі бойынша адамды іздеу). 

Жарылғыш заттарды табу бойынша «Евтан» лақап атты іздегіш  қызмет итімен СҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының  жетекші маман-кинологы П.В.Воронов  қатысты.

Жарыстардың нәтижелері бойынша департамент құрметті үшінші орынға ие болды. Жарыстарға қатысушылар    дипломдармен, медальдармен, естелік сыйлықтармен  марапатталды, иттер үшін   азық-жем берілді.