
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз жазылушыларына ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық банкпен бірлесіп Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде 2022 жылға арналған көрсеткіштерді нақтылау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Мәселен, 2022 жылға инфляция дәлізі 4-6% - дан 8-10% - ға дейін ұлғайды, яғни инфляция өсімі 4% - ды құрады.
Осыған байланысты, "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап барлық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Осыны ескере отырып, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының мөлшері қосымша 4% - ға арттырылды.
Жиынтықта, 2022 жылы зейнетақы төлемдерінің өсуі алдыңғы жылға қарағанда 11% – ды (инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып), базалық зейнетақы төлемі мен жәрдемақылардың өсуі - 9%-ды құрайды.
ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген 3 063 теңге мөлшерінде АЕК қолданылатын болады.