Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен контрафакт DVD-дискілердің өндірісі бойынша астыртын цехының әрекеті қиылды.
Яғни, 2016 жылдың маусымында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында контрафакт DVD-дискілерді дайындау фактісі анықталды. А4 пішінді қағаз, пластикалық футлярлар, түрлі-түсті принтер, біріктірілген DVD-рекордерлермен жүйелі блоктары бар цех, тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан. Сондай-ақ дайын DVD-дискілер анықталып, алынды. Дайындалатын бұйым Петропавл қ. базарында сатуға арналған.
Соныменен, күдіктінің әрекеті «Авторлық объектілерді және аралас құқықтарды заңсыз пайдалану, автордың заңды мүддесіне немесе басқа құқық иесіне айрықша шығын келтірген, авторлық құқық объектілерінің контрафактік даналарын дайындау немесе сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға тең» ҚР ҚК198 б. 2 т сараланды.
2016 жылғы 5 тамыздағы Петропавл қаласының сотымен 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза салумен, ҚР ҚК 198б. 2т. көзделген, қылмыс жасағаны үшін айыпты тұлға кінәлі деп танылды.
СҚО МКД ЭТҚ