Date of publication: 25.03.2022 23:17
Date of changing: 25.03.2022 23:33

Салықты "Салық төлеушінің кабинеті" МКК web-қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, "Электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы (салық әмияны) арқылы төлеуге болады.

 

Порталда ЭЦҚ авторизациялау және қол қою қажеттілігінсіз барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу бойынша қызмет бар. "Электрондық үкімет" порталында салықтарды төлеу жөніндегі нұсқаулық.  

 

      Жеке тұлғаларға 2021 жылғы міндеттемелер бойынша 2022 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей (КБК – 104402) көлік салығын төлеу туралы еске саламыз.