Date of publication: 16.09.2016 15:52
Date of changing: 16.09.2016 15:53

«Мүлікті жария ету туралы декларация нысанын және оны толтыру ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы №593 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  бұйрығы (бұдан әрі- бұйрық) ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа ресми енгізілді. 

Валютаны айырбастау  нарық бағанын қолданумен ұлттық валютада жария етілген ақша сомаларын есептеу тәрітіб өзгертілген. 

Бұдан бұрын теңгеге қайта есептеу сәйкесті ағымдағы шоттың ашылған күніне жүргізілгенде,  енді ұлттық валютада жария етілген ақша сомалары  жария ету мақсаты үшін екінші деңгейлік банктарда немесе почтаның Ұлттық операторында ашылған, банктік шотқа оны есепке алған (аударылған) күнге сәйкесті ұлттық валютаны ауыстыру нарық бағаны бойынша есептелетін болады.   

Сонымен қатар жария етіліетін субъектілерге ыңғайлы болу үшін «бір терезе» принципі іске асырылған,осының арқасында азаматтарда  мемлекеттік кірістер органына бармай-ақ, бюджетке мүлікті жария ету үшін тиесілі алым сомасын төлегенде  банк арқылы   сәйкесті декларация мен қажетті құжаттарды жолдау мүмкіндігін жүзеге асыруға болады. 

Мемлекеттік кірістер органдарының Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын  және жария ету субъектілермен қайта байланыс мүмкіндігін іске асыру мақсатында,  банкілер жария  ету субъектілерден  міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы туралы толық мәліметті талап етулері  қажет. Бұдан басқа, почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламада «хабарламаны алушының мекен- жайы» бағанында жария ету субъектісінің нақты тұрғылықты мекен-жайын көрсету керек. Бұл декларацияны алғаны туралы хабарлама почта байланысы ұйымымен банк- жөнелтушіге емес, а жария ету субъектісіне жолдау үшін қажет.  

        Сондықтан  Қазақстан Республикасының  азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыһтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 1 б. сәйкес бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

            Жария ету туралы Заң жария ету тәрітібін айрықша жеңілдетті және оны 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Салық органына ұсыну қажет,  қағаз тасығышта арнайы декларация  енгізілді.  

           2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін құқығы  пайда болған  Қазақстанда немесе   шелелдегі  кез-келген жылжымайтын мүлік немесе кірістер жария етуге жатады.