
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 31 тамыз күні Петропавл қ. отбасылық үлгідегі Балалар ауылында тұратын, жаңа ғана сауықтыру лагерлерінен оралған балаларды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басалуымен құттықтады.
|
Өтіп кетті міне жаз Ойын құрған, мәз болған Ауыстырды оны, уақыт тамаша Мектеппенен достарың
Болсадағы жаңбырлы Өткіздік біз бұл жазды Қызықты да әсерлі Ойнап күліп достармен |
Департамент қызметкерлері балаларға, мектепке керек – жарақтарын табыс етіп, құттықтап тілектерін білдірді. Балалар өз кезегінде демалыстан қалған әсерлерімен бөлісті.
Балалар ауылының тұрғындары қонақтарды жылы қарсы алып, өз өнерлерін көрсетті.
Кездесудің соңында балалармен жылы және жолдастық қатынастардың қортындысына естелік ретінде жалпы фото жасалды.