Date of publication: 15.09.2016 16:47
Date of changing: 15.09.2016 16:51

        Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде «Кәсіпкерлік субъектілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша шаралар туралы» тақырыбына сыртқы экономкалық қызметтің қатысушыларымен жұмыс кездесуі өтті.   

        Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі СҚО бойынша МКД) басшысы  Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов-осы кездесудің мақсатын атады және қаралатын мәселенің маңызын салық төлеушілерге жеткізді, сонымен қатар оны талқылау үшін белсенді қатысуға шақырды.      

             СҚО бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Д.Ж.Қадыров кәсіпкерлік субъектілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша шаралар қолдану бөлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жеке нормаларын түсіндірді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу  мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен   басқа ұйымдардың өзара іс-қимылдың маңызы туралы  мәселеге   көңіл бөлді.   Баяндама соңында кездесу  қатысушыларының назарына      СҚО бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасының   46-02-31 сенім телефоны  жеткізілді.   

      Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысы мәселені талқылауда белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға алғыс айтты және  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы тез арада хабарлауға шақырды.