Жарияланған күні: 01.08.2016 17:30
Өзгертілген күні: 01.08.2016 17:30

    

     2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілердің моральді-әдеп әлпетіне негізгі талаптарды, сондай-ақ оның тәртібінің базалық стандарттарын белгілейді. Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғарғы мәдениетін  қалыптастыруға  және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз тәртіп жағдайларын алдын-алуға жолданған.       

      Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесімен белгіленді: 

  • Мемлекеттік қызметшілер тәртібінің жалпы стандарттары;  
  • Қызметтен тыс уақытта тәртіп стандарттары; 
  • Қызметтік   қатынастардағы тәртіп стандарттары;
  •  Көпшілік алдында,   сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдарда сөз сөйлеуге байланысты, тәртіп стандарттары. 

       Мемлекеттік қызметті атқару  қоғам және мемлекет тарапынан  көрсетілетін ерекше сенім  болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральді-әдеп  әлпетіне деген жоғары талаптарды талап етеді. 

     Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын-алуға жолданған, тұрақты жұмыс жүргізіледі, лауазымды тұлғалармен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесін  міндетті сақтауын ұйымдастыру бойынша шаралар қолданылады.    

      2016 жылғы 1 жарты жылдыққа  департаменттің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесін бұзған    5 бұзушылық фактісі  анықталды.   Бұдан басқа, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мақсатында,  бар материалдар  мемлекеттік кірістер органдарының имиджына теріс әсер ететін, жағымсыз сәттерді анықтауға мүмкіндік береді.   

    Қала және облыс тұрғындары  қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністермен ымырасыздыққа айрықша  көмек  көрсетеді.  Облыстың мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз әрекеттерімен (әрекетсіз) беттескен жағдайда, Сіз  келесі телефон нөмірлері бойынша  қоңырау шалып, хабарлай аласыз:      

    - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кезекші бөлімі   (сенім телефоны тәулік бойы)   -  8 (7152) 46-33-29, департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының сенім телефоны    8-715-2-46-02-31  және  «WhatsApp» 8-707-7-46-02-31 функциясымен ұялы телефоны.