Жарияланған күні: 14.06.2016 18:30
Өзгертілген күні: 14.06.2016 18:31

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (анықтамалар) беруге (алу)  қатысты, міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешек, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы және әлеуметтік бөлектеу, сондай-ақ кедендік және салықтық төлемдер бойынша берешектің бар (немесе) және жоқ екендігі туралы мәлімет алуда келесіні хабарлайды.

Салық кодексінің 598 б. сәйкес салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша салық органына сұрату беруге құқылы:

1.     www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы,

2.     Салық органдары ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы;

3.     «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған жері бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттардың деректерi ескеріле отырып жасалады.

Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет құру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешек, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы және әлеуметтік бөлшектеу сұрату келім түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асады.

Салықтық берешек жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет, міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешек, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы және әлеуметтік бөлшектеу электронды түрде www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы, «салық төлеуші бөлмесі» веб-қосымшасы арқылы ұсынылады, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне (Петропавл қ., К.Сүтішев, к., 56, кеңсе) төлеуші кедендік және салықтық төлем бойынша берешектің бар (немесе) және жоқ екендігі туралы мәлімет алу үшін еркінше өтініш береді.

Өз кезегінде мемлекеттік кірістер органы салықтық және кедендік төлем бойынша берешек бар (немесе) және жоқ екендігі туралы мәліметті салықтық және кедендік төлем бойынша берешек (бар) жоқ екендігі туралы төлеушіге анықтаманы құру және беру арқылы ұсынады, заңды тұлғаны қайта құру, жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан кезде немесе мемлекеттік тіркеуді таратуда қажет, сондай-ақ өзге жағдайларда.

Кедендік және салықтық төлемдер бойынша берешектің (бар) жоқ екендігі туралы анықтама кедендік төлемді төлеу және өтініш беру күніне салықтар бойынша тоқтатылмаған міндеттерді белгілеумен құралады, және оның берілген мезгілінен күнтізбелік отыз күн ағымында жарамды.

Жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда немесе таратуда, салық және кеден алымы, кедендік баж бойынша тексеру актісі және анықтама алуда төлеушінің өтініші негізінде берешектің (бар) жоқ екендігі туралы анықтама заңды тұлғаның қайта құруы беріледі.

Берешектің (бар) жоқ екендігі туралы анықтама беру мерзімі төлеушінің өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.