Жарияланған күні: 26.05.2016 17:31
Өзгертілген күні: 26.05.2016 17:32

Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен  қоғаммен өзара әрекет жасауға қатысты жұмысы активтендірілген (мектептер, балалар үйі, «ашық есік күндері» және т.б.).

 

2016 жылдың сәуір- мамыр айларында жоғары және орта оқу орындарында «Чекті талап ет-азаматтық ұстанымды көрсет» атты мобильдік презентация өткізілді, атап айтканда «Гуманитарлық – техникалық колледжі», «Петропавл темір жол көлігі колледжі» МКҚК-да, «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі» МКҚК-да, «№ 7 орта мектеп» КММ-де, « № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-де. Презентацияда 177 шәкірт  қатысты.

Мамандар жастарды (егер де біз жақсы тұрғымыз және өз қаламызды таза және әдемі, жаңа мектептермен, медициналық орталықтармен, спорт кешендерімен, жаңа шағын аудандармен көргіміз келсе, сатып алынған тауарға немесе көрсетілген қызметке чекті талап етуге) шақырды.

 

Міндетті талап - тұтынушының қолына бақылау-касса машиналарының чегін беру.

Бақылау чегі – бұл тыңшылық чегі, тұтынушының құқығын қорғау кепілдемесі ретінде толыққанды құжат боп саналады. Егер де ол сапасыз болып шықса, оны алып, тұтынушы тауарды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

«Чекті талап ет-азаматтық ұстанымды көрсет» жадынамалары студенттерге таратылып берілді.