Жарияланған күні: 09.03.2016 17:51
Өзгертілген күні: 09.03.2016 18:11

05.03.2016ж.  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өту қарсаңында Петропавл қ. Қазақ сазды-драма театрының ғимаратында департамент басшысының, қызметкерлерінің және кәсіпорындар басшылары-салық төлеуші әйелдердің, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары ардагерлерінің қатысуымен мерекеге арналған, салтанантты жиын өтті.  

Департаменттің  барлық азаматтарының атынан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, СҚО бойынша МКД басшысы Д.Е.Жанәлінов іс-шараны ашты. Сонымен қатар көптеген ер азаматтарға еліктеу үшін үлгі болып табылатын,  кәсіпорын басшылары бола тұра, сондай-ақ заңға құлықты   «Lider PROF FASHION» ЖШС басшысы- Стороженко Наталья Алексеевна, «Экология и медицина» ЖШС басшысы - Лямкина Евгения Анатольевна – қонақ  әйелдерге сыйлықтар мен гүлдерді, грамоталарды ұсынып,   жеке құттықтады.  

 ЖК Богданова Мария Николаевна өзінің жеке бизнесі бола тұра,нан және кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысады.Тұрақты түрде салық төлейді, сонымен бірге қайырымдылықпен айналысады, атап атйқанда  күніне 50 бөлкені мұқтаж қарт адамдарға береді.    

3 және 4 баланы өсіріп және тәрбиелеген, қызметкерлер- құрметті аналарға алғыс хаттар тапсырылды.  

Барлық әйелдерге сыйлықтар, гүлдер  тапсырылды және құрмет демалысындағы әйелдер –З.Ж.Бекназарованы, Г.А.Алесичті және И.А. Говрюшенконы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамоталарымен марапаттады.   

Қадірлі әйелдер қауымының назарына департамент балалары атынан  құттықтаумен бейне ролик ұсынылды. 

      Салтанатты жиын   «Мама» спектакльін көрумен аяқталды. 

https://www.youtube.com/watch?v=FxanHJo_bZQ