Жарияланған күні: 05.03.2016 11:56
Өзгертілген күні: 05.03.2016 11:59

     Ағымдағы жылдың 15 ақпанында   жолға шыққан  «Мәңгілік Ел» поезды 2016 жылғі 26 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы Смирново с. аялдама жасады.  

        «Мәңгілік Ел» поездының жалпы республикалық акциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды, оның мақсаты   «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны көпшілікке тарату, осы жылдардағы еліміздің жетістіктерін көрсету болып табылады. Поезд жолаушылар командасы әр түрлі орындар бойынша бытырап орналастырылды: тиісті министрлік пен ведомстволардың  кей мамандары аудан тұрғындарын білім,  басқалары әділет бөлімінде, ауруханада, сондай-ақ ХҚКО қабылдады. 

     Әр аққайыңдық және басқа елді-мекеннен келген, қонақтар өз сауалдарына толық түсініктемелер мен консультацияларды ала алды.   ХҚКО орналасқан, делегацияда қатысты:      

1.     Есенқұлов Әлібек Мырзахметұлы – Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының м.а.   

2.     Асқаров Талғат Асқарұлы-  Жылжымайтын мүлік бойынша орталық басқармасының басшысы; 

3.     Жұматов Рустам Манарбекұлы –Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің сарапшысы;  

4.     Арысбаев Берлібай Ергенбайұлы – ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитетінің тапсырыс берушілермен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы;  

5.     Қабдөшева Жаңыл Дәстемқызы – СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы.  

6.     Низамов Ринат Алфатович – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Солтүстік Қазақстан  департаментінің мүлікке иелік ету бойынша бөлімнің бас маманы. 

    СҚО бойынша МКД маманымен ақшаны және мүлікті жария ету, сонымен қатар салық заңнамасының кейбір мәселелері  бойынша   консультациялар берілді.  «Мәнгілік Ел» поездының өкілдері барлық сауалдарға ҚР заңнамасына сәйкес түсініктеме берді.  

  Күні  бойы  қабылдау жүргізілді.  Бақылауға алынған мәселелер оң шешіледі деген үмітпен келушілер үйлеріне қайтты.   

     Күннің екінші жартысында аудандық әкімдікте ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалының көшпелі брифингі өтті, онда СҚО Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған,  «Мәңгілік Ел поезды» жалпы республикалық акцияның қатысушыларымен журналистер кездесті. Брифинг барысында поезд штабының басшысы Л.Н.Гумилев ат. Евразия Ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов, «Қостанай облысының азаматтық альянс»АҚ төрайымы  Динара Өтебаева, жоғарғы санаттағы дәрігер- нефролог Бауыржан Рахметов сөз сөйледі.