Қазақстан Республикасы аумағы шегіндегі, соның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлікті (ақшадан басқа) жария ету
ЖАДЫНАМАСЫ
Жария ету субъектісі, Қазақстан Республикасы аумағы шегіндегі, соның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жатады:
1) мүлікті жария ету үшін алым төлемі;
2)тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына мүлікті жария ету туралы декларацияны ұсыну.
Сонымен қатар, төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген мүлікті жария ету құнынан есептелген алым көлеміне сәйкес болуы тиіс.
Арнайы декларацияға арнайы декларацияда бар растайтын ақпараттар және келесі құжаттар немесе мәліметтер қоса беріледі:
1) жеке куәлігінің, құжатының көшірмесі;
2) жария ету субъектісінің немесе мүлкін басқа тұлғаға бергенге дейін оны жария ету субъектісіне тапсыру (мүлікті жария ету басқа тұлғаға ресімделген жағдайында) меншік құқығын бекітетін нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі.
Жария ету субъектісі үлеске қатысу, құнды қағазды жария ету жағдайында құқық меншігін растайтын тиісті орган немесе шет мемлекет ұйымы берген басқа құжат болуы мүмкін;
3) жария ету субъектісінің (мүлікті жария ету басқа тұлғаға ресімделген жағдайында) басқа тұлға меншік құқығын басқа нысанда немесе өтеусіз туралы Қазақстан Республикасының заңына немесе шет мемлекеттің құқығын қолдануға сәйкес жасалған нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі немесе басқа құжат;
4) алым төлемін растайтын құжат көшірмесі;
5) арнайы декларацияда бар растайтын ақпараттарды жария ету субъектісінің қалауы бойынша қосымша мәліметтерді және (немесе) басқа құжаттар.
Арнайы декларацияға қоса құжаттар және (немесе) мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде ресімделуі мүмкін немесе қазақ және орыс тілдеріне аураылуы нотариалды куәландырылған болуы қажет.
Мүлік жария ету субъектісінің тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны қабылдау күнінен бастап жария етілді деп есептеледі.
Жария ету субъектілері ұсынған мәліметтерінің толықтығына және анықтығына жауапты болады.
Осы баптың 1 тармағында көзделген мүлікті жария ету рәсімдерімен байланысты Қазақстан Республикасының заңымен көзделген барлық шығындарды жария ету субъектілері өздігінен өтейді.