Жарияланған күні: 29.01.2016 11:51
Өзгертілген күні: 29.01.2016 11:52

«Алу тізіміне» енген, тауарларды  іске  асырғанда ЭШФ  рәсімдеуге міндетті. 

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  2015 жылғы желтоқсан айында  бүкіл әлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кіруіне байланысты, келесіні хабарлайды.   

Қазақстанның бүкіл әлемдік сауда ұйымына  (бұдан әрі- БСҰ) кіруінің негізгі шарттары,   Евразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кеден тарифы шеңберінде әрекеттегі кедендік баждардан төмен БСҰ  жағдайларында әкелім ставкасы,  сонымен қатар тізім-тауарлар қатары бойынша тарифтік міндеттер болып табылады.  

Қазіргі таңда  2015 жылғы желтоқсан айынан бастап Евразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кеден тарифына қарағанда, әкелінген кеден баждары қолданылатын, алу  тізімі 1 347 тауар ұстанымынан тұрады. Бұл келесі тауарлар түрі:    

-          Ет және тірі жануарлар   (  01-02 тобы);

-          Балық және шаян тәріздестер,ұлулар және өзге омыртқасыздар (03 тобы);  

-          Сүт өнімі: құс жұмыртқасы, таза бал, жануарлардан жасаған тамақ өнімдері   (  04 тобы);

-          Көкөністер және кейбір желінетін тамыртүбектер және  түйнекжемістілер  ​ (  07 тобы);

-          Балық және шаян тәріздестер,ұлулар және өзге омыртқасыздардан жасалған дайын азық-түліктер   (  16 тобы);

-          Қант және кондитерлік өнімдер   ( 17 тобы):

-          Ауыл шаруашылық тауарлары   ( 03, 04, 07-12  топтары және т.б.); 

-          Алкоголь  сусындары   (  22 тобы);

-          Фармацевтикалық  өнімдер   (  30 тобы);

-          Химия саласы   (  28-38 тобы);

-          Ағаш, қағаз және жиһаз   ( 44, 48, 94 тобы);

-          Тоқыма (  53-64 тобы);

-          Тастан жасалған бұйымдар   ( 68-71 тобы);

-          Металдар ( 73 тобы);

-            Жабдық (  84-85 тобы);

-          Көлік құралдары    (  86, 87, 88, 89 тобы)

-          Ойыншықтар, ойындар және спорт  құралы: оның бөлшектері мен  керек-жарақтары    (  95 тобы).

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды және нақты тауар атауы көрсетіліп, жоғарыда көрсетілген тауарлар тобы екі шағын топқа бөлінеді.    

           Сондықтан тізімге жатқызылатын, тауарды іске асыратын, барлық салық төлеушілер, 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап осында тауарға электронды шот-фактураларды  (бұдан әрі-ЭШФ) рәсімдеуге міндетті.  

            Тауарлар тізімдемесін енгізілген, тауарларды сатып алатын, оларға қатысты төмендетілген әкелінетін кеден баждары қолданылдатын, контрагенттер осындай тауарларды бұдан әрі іске асырған жағдайда, 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап тек ЭШФ шығаруға міндетті. Қазақстан Республикасы Евразиялық экономикалық одақтың   кеден аумағында тауарлар тауарлар әкелімінің және айналысының  кейбір  мәселелері туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында оның айналысында   кеден декларациясы бойынша тауарлардың тәрітпітік нөмірлері мен кеден декларацияларының нөмірлерін көрсету бөлігінде, тізімге енгізілген, тауарларды қадағалауды қамтамасыз етеді.        

         Сол себептен, Қазақстан Республикасы  соңғы тұтынушыға дейін, кейінгі сатып алушыға импортшыдан Қазақстан Республикасының аумағына тауар қозғалысын қамтамасыз етуге міндетті. Осы импортты тауарды сатып алатын, салық төлеушілер, электронды түрде  жазып шығаратын, өздерінің шот-фактураларында,   Қазақстан Республикасының аумағында бірінші импортшының кеден декларациясының нөмірін көрсететін болады

       Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  кодексімен  электронды шот-фактураларды жазып шығару тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

      Қажжетті ақпарат, сондай-ақ  нормативті –құқықтық актлер Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында БСҰ бөлімінде  kgd.gov.kz  мекен-жайы бойынша  орналастырылғанын, қосымша   хабарлаймыз.