Жарияланған күні: 28.01.2016 09:09
Өзгертілген күні: 28.01.2016 09:24

           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті    салық  және  бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғаларға жеңілдіктер беруге қатысты түскен сұрауларға байланысты келесіні назарға жеткізеді.  

Мүлік салығы    

Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде I  және II топтардағы мүгедектер жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеушілер болып табылмайды.  

Пайдалануға немесе жалға салық салу объектілерін тапсырғанда  жеңілдік қолданылмайды. 

 Жер салығы

Мүгедектер, сондай-ақ  бала жасынан бастап мүгедектің ата-анасының бірі, ол он сегіз жасқа жеткенше дейін жер салығы төлеушісі болмайды:  

- тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері; 

-үй маңындағы жер учаскелері;    

- өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері

- гаражға арналған   жер учаскелері бойынша. 

            Пайдалануға немесе жалға салық салу объектілерін тапсырғанда  жеңілдік қолданылмайды. 

Көлік құралдарына салық   

Салық салынатын объект болып табылатын, бір автокөлік құралы бойынша – меншігінде бір мотоколяска және автомобиль бойынша мүгедектер көлік құралына салық төлеуші бола алмайды. 

Егер автокөлік құралдарының  тіркеуі (қайта тіркеу) уәкілетті органда 2013ж. 31 желтосанына дейін жүргізілген, 4000 куб.см. аса қозғалтқыш көлемімен жеңіл автомобиль болып табылған жағдайда, онда  тұлғаларға норма қолданылмайды.   

Жеке табыс салығы   

Жеке тұлғаның табысынан жеке табыс салығын салғанда    республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және келесі санаттағы  тиісті қаржы жылының басында  қолданыста  болатын    төменгі жалақының 55 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылдағы табыстар жойылады:  

-  I, II, III топтағы мүгедектердің;   

- мүгедек баланың;  

- «мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегіз жасқа толғанға дейін- мұндай адамның ата-анасының бірі;  

-«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына –оның ата-анасының бірінің;   

Көрсетілген шектерде табысқа салық салудан босату осындай босатылушылықты қолдану үшін ол бойынша негіздері бар, салық кезеңдеріне ұсынылады. 

Мына негіздерде босатылады:

- Салық кодексімен белгіленген, шекте осындай түзетудің мөлшерін көрсетумен, табыстарды түзетуді қолдануға жеке тұлғаның өтініші.  

- растайтын құжаттар көшірмелері.  

Тіркеу алымдары.  

 Мемлекеттік тіркеуде алым төлеуден босаталады: 

 Жеке кәсіпкерлер:   I, II, III топтағы мүгедектер.   

-  жылжымайтын мүлікке: мүгедектер, соынмен қатар -«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің;   

 

-жылжыйтын мүлік кепілі, кеме немесе салынып жатқан кеме несиелері, сондай-ақ   бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің;   

- авторлық құқықпен қорғалатын, шығармашылыққа құқық: мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің;  

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеуінде жойылды.  

Мемлекеттік  баж 

Мемлекеттік баж төлеуден  босатылады: 

-  соттарда: талап етуші мүгедектер, сондай-ақ  бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің- барлық істер мен құжаттар бойынша;     

- нотариалдық әрекеттер жасағанда: мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің-барлық  нотариалдық әрекеттер бойынша;   

- азаматтық жағдайдайдағы актілерді тіркегенде туу туралы қайталап куәлікті беру және тіркеуге- бала кезінен мүгедек деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің, қамқоршы;   

-зияткерлік меншік саласында уәкілетті мемлекеттік органмен заңды айрықша әрекеттер жасағанда, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің;  

-тұрғылықыт орынды тіркегенде:  мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің;  

-азаматсыз тұлғаның куәліктерін және ҚР азаматтардың паспорттарын және жеке куәліктерін, сондай-ақ ҚР шетел азаматына  тұруға ықтиярхатын    бергенде, сондай-ақ бала кезінен мүгедек деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірінің;   

- мотокөлікке, автомобильге тіркелімді, автомобильге  мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергенде, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек деген себеппен мүгедек деп танылған адамның   ата-анасының бірі босатылады.    

 

   

                                                        СҚО бойынша Түсіндіру жұмыс басқармасы