Жарияланған күні: 15.03.2018 16:47
Өзгертілген күні: 15.03.2018 16:49

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

2017жылдың міндеттемесі бойынша Жеке табыс салығы бойынша декларацияның (240.00 нысаны) ұсынатын мерзімі 2018жылғы 31 наурызда өтететінін еске салады.

Декларацияны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған,  есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік:

жылжымайтын мүлік;

эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар, 

және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында 12 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар  тұлғалар тапсырады.