Жарияланған күні: 09.06.2017 12:44
Өзгертілген күні: 09.06.2017 12:45

Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасын конференцзалында  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаларын ақпараттық алып жүру бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

ҚР ҚМ МКК борыштармен жұмыс боынша басқармасы басшысының орынбасары Елена Юрьевна Мотовилова бұл заң жобасы тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана таралатынын атап өтті.

Заң жобасының негізгі қағидалары соттан тыс және сотты рәсімдерінің комбинациясын карастырады, олар өз кезегінде жиынтығында азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің бірыңғай процессін құрайтын болады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессін бір қатар құқық бұзушылықтар үшін шешілмеген (өтелмеген) соттылығы бар тұлғалар қолдана алмайды. Мысалы алаяқтық, алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру, несиені заңсыз алу, жалған кәсіпкерлік және тағы басқалар үшін.

Осылайша Заң, келеңсіз жағдайларға байланысты қарыздық ауыртпашылыққа тап болған адал азаматқа жоспар негізінде өзінің төменделген жағдайын түзетуге мүмкіндік беретін болады.

Жоспар, борышкердің қаржылық жағдайына байланысты, дағдарыс жағдайдан кезеңмен шығуды қарастыратын болады. Бұл ретте кредиторлар өз жағынан қарызды өтеу үшін мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу, өтем ақы, айыппұлдарды есептен шығару, қарыздың бөлігін кешіру және басқа да шаралар қолдануға міндетті болады.

Егер борышкерде, қарыздардан құтылуға мүмкіндік беретін тұрақты кірісі болмаған жағдайда, борышкердің мүлкі сатылып, одан түскен қаражат кредиторлар арасында үйлестіріліп, ал қалған қарыздар есептен шығарылады.

Төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процессі аяқталу кезінде, сот тарапынан борышкерді қарыздардан босату (босатпау) туралы шешім қабылданады.

Азаматты қарыздық міндеттемелерден босатуға кедергі болатын жағдайлар:

1)       борышкердің өз мүлкі туралы жалған ақпарат беруі;

2)       мүлікті, ол жөніндегі мәліметті жасыру немесе оны алуға кедергі туғызу;

3)       кредиторлардың келісімісіз қарыздық міндеттемелердің мөлшерін ұлғайту;

4)       борышкердің тұрақты кірісі бола отырып жоспарды әзірлеуден бас тартуы;

5)       бір кредиторға өзге кредиторлардың алдында ерекше ықылас көрсету;

6)       соттың қарауы бойынша борышкердің қылығы адал емес болып танылатын өзге де жағдайлар болып табылады.

Осындай жағдайлардың бірі орын алған кезде борышкер, мүлікінен айырылса да, өз кредиторларына қарызды болып қала береді, олар өз кезегінде азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте қарыздарын талап етуге құқылы болады.

Сонымен қатар, заң жобасы, еш бір жағдайларда борышкер орындаудан босатылмайтын міндеттемелер тізбесін белгілейді. Мысалы, кәмелетке толмаған балалар, жұмысқа қабілетсіз жұбайын немесе ата-анасын асырауға алименттік, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша төлемдер.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу мақсаты, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының әзірленуіне байланысты қолданыстағы заңнаманы сәйкестендіру болып табылады.

Қолданыстағы заңнама мен азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктерін сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының бір қатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.

Заң жобаларына Тұжырымдамалар 2016 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы отырысында мақұлданған.

Бүгінгі күні Заң жобалары Сараптама және Қоғамдық Кеңес мүшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында және оны қоғамдық талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жарияланған.

Баяндаушының сөзінен кейін, қатысушыларға, қойылған сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Семинардың қорытындысында қатысушылар, өткізілген ісшара үшін мемлекеттік кірістер органдарына және кәсіпкерлер Палатасына өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

СҚО бойынша МКД  Борыштармен жұмыс басқармасы