Жарияланған күні: 01.11.2016 18:30
Өзгертілген күні: 01.11.2016 18:33

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде   2016 жылғы 28 қазанда аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының қатысуымен,  2016 жылдың 9 ай жұмыс қорытындысы және жыл соңына дейінгі алдағы міндеттер бойынша кеңейтілген кеңес өтті.Ағымдағы жылдың 9 айына болжамды көрсеткіштерді орындау және жыл соңына дейін күтілетін орындау мәселесі бойынша – Талдау және  тәуекелдер басқармасының басшысы Ғ.С.Жүсіпова баяндама жасады: «2016 жылдың 9 ай  қорытындысы бойынша болжам- жоспар 102,4% орындалды. Өткен жылдың  кезеңімен  салыстырғанда 2016 жылдың 9 айына түсімдердің өсу қарқыны:  өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке 1 063 млн. теңге түсті, республикалық бюджетке 2 609 млн. теңге түсті немесе   өсі қарқыны 112,3%; жергілікті бюджетке     өсім  қарқыны 118,9% құрды  немесе  3 654 млн

. теңгеге артық түсті.    

     Бопыштармен жұмыс басқармасының басшысы –Қ.Д.Салкеев салық, МЗЖ, МКЗЖ және ӘА бойынша бересі және оның дебиторларының шоттарынан салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алуға қатысты мәселелерді қатысушыларға жеткізді.

  Сондай-ақ  мүлікті тізімдеу актісі, әкімшілік айыппұлдар сомаларын өндіріп алу және т.б. бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жеткіліксіз жұмысына акцент қойды. 

 СҚО бойынша жергілікті бюджетке түсімдерді арттыру және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша іс-шаралар жоспарының аясында жүргізілетін жұмыс туралы өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы- З.Е.Әубәкірова айтып берді.    

   2016 жылдың 9 айына атқарылған жұмыс туралы аумақтық басқармалар басшыларының  есептері тыңдалды.  

    Кеңес соңында өндірістік емес төлемдерді салықтық әкімшілендіру бойынша жұмысты белсендіру, салық, МЗЖ, МКЗЖ және ӘА бойынша бересінің төмендеуін қамтамасыз ету, 2016 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейлері бойынша жоспар- болжамды сапалы  орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.