Жарияланған күні: 17.07.2017 11:09
Өзгертілген күні: 17.07.2017 11:13

  Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  «Кәсіпкерлік мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Заңымен алкоголь өнімінің көтерме, бөлшек саудасын сақтау бойынша әрекетті іске асыруға лицензиясы бар, төлеушілердің жыл сайынғы лицензиялық алымын төлеу мерзімін ауыстыруға қатысты Салық кодексіне өзгерістер енгізілгені туралы салық төлеушілердің назарына жеткізеді.  Егер  бұдан бұрын төлем мерзімі ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін белгіленсе, сәйкесті салада әрекет іске асырылған бірінші жылды қоспағанда, онда ағымдағы жылдың 01.01.2015ж. бастап-ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін белгіленеді.   

Жыл сайынғы  лицензиялық алымды төлеу бойынша міндет  лицензияда көрсетілген (қосымшада), әрекеттің әр нысанына ағымдағы жылдың басы жағдай  бойынша лицензиясы бар (қосымша), салық төлеушілерде туындайды.  

Яғни, егер лицензияның әрекеті (қосымша) ағымдағы жылдың 01 қаңтар жағдай бойынша тоқтатылмаса, осы салық төлеуші лицензиялық алымды төлеуден босатылмайды.   

  Жыл сайынғы лицензиялық алымды уақытылы төлемеу не төлемегені үшін ҚР ӘҚБтК 282б. 8,9б. сәйкес келесі одан айыруымен лицензия әрекетін тоқтатумен айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін, ескертеміз.