Жарияланған күні: 05.03.2018 12:19
Өзгертілген күні: 05.03.2018 12:27

Жоба

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-ші қаңтарындағы № 148 Заңының 6-шы бабына және «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 25-ші желтоқсанындағы № 120-VI Кодексінің 546-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ақжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.   

2. «Тіркелген салық бірыңғай ставкаларды бекіту туралы» Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылдың 24-ші маусымындағы № 24-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 6-шы тамызында № 13-4-106 бойынша тіркелген және № 34 «Дала дидары» газетінде 2010 жылдың 14-ші тамызында, және № 34 «Ақжар-хабар» газетінде 2010 жылдың 14-ші тамызында жарияланған) және ««Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын бекіту туралы» Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы  № 24-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылдың 20-шы желтоқсанындағы № 39-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 25-ші қаңтарында № 13-4-135 бойынша тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2011 жылдың 20-шы желтоқсанында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының

Ақжар аудандық мәслихатының

сессия төрағасы                                                                   А. Көпеев

 

Солтүстік Қазақстан облысының

Ақжар аудандық мәслихатының

хатшысы                                                                               А. Хоршат

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Ақжар ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы»

республикалық мемлекеттік мекемесінің

басшысы                                                                               Ж. Сағатов

 

 

 

 

 

Ақжар аудандық мәслихатының
2018  жылғы
№     шешіміне қосымша

 

 

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

  

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

13

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10