Жарияланған күні: 03.07.2019 15:30
Өзгертілген күні: 03.07.2019 15:31

Онлайн сауда жасайтын кәсіпкерлер КТС төлеу бойынша заңды тұлғалар үшін және жеке кәсіпкерлер үшін ЖТС төлеу бойынша жүз пайыз жеңілдікті пайдалана алады.

Басты шарттар:

- электрондық шарт жасасу;

- қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру;

- тауарды жеткізу: бизнес өзінің курьерлік қызметі немесе курьерлік компаниямен келісім-шарт болуы керек.

- 90-шы қағида 10-ға сақталуы тиіс. Жеңілдікті қолдану үшін электронды сауда жөніндегі мәмілелерден түскен табыс жылдық жиынтық табыстың  90% - ен кем емес құрауы тиіс.

Жеңілдіктер алу үшін кәсіпкерлер жекелеген қызмет түрлерін – тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде есепке тұруы тиіс.

Бұдан басқа, салық төлеушілер салық органына электрондық сауда бойынша ақпаратты жылына бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін беруге міндетті. Балама бар: егер әрбір мәміле бойынша ЭШФ жазып берілсе, онда есеп тапсырмауға құқығы бар.Сонымен қатар, банктер салық органына есеп айырысу шоттары, шоттардағы қалдықтар мен қозғалыс туралы мәліметтерді беруге міндетті, жеткізу қызметі – салық органдарының сұрау салуы бойынша мәліметтерді беруге міндетті.

 

СҚО бойынша мемлекетік кірістер департаменті