Жарияланған күні: 08.08.2019 12:52
Өзгертілген күні: 08.08.2019 12:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ХАБАРЛАМА

31 шілде 2019 ж.                                                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

ТАУАР ИМПОРТТАУШЫЛАР ЕСЕПТІДЕН КЕЙІНГІ АЙДЫҢ 20-Ы КҮНІНЕН КЕШІКТІРМЕЙ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ЖӘНЕ ИМПОРТҚА ҚҚС ТӨЛЕУІ ТИІС

 

2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың нормаларына сәйкес Салық кодексінің 50-тарауының ережелерінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын салық төлеушілер есептіден кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей салық есептілігін және импортқа ҚҚС төлеуді ұсыну қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтарды әкімшілендіру мақсатында тиісті уәкілетті органдарға ұсынылған, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен ҚР Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттеріндегі ақпаратпен салық есептілігінде көрсетілген мәліметтерге мониторинг жүргізетінін хабарлаймыз.

Көрсетілген мәліметтерде алшақтық, салық есептілігінің болмауы анықталған жағдайда импорттаушылардың салық төлеушінің кабинетіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықты жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Егер жоғарыда аталған есептер ұсынылмаған, импорт үшін ҚҚС төленбеген кезде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салық төлеушіге әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)