Жарияланған күні: 21.12.2017 12:25
Өзгертілген күні: 21.12.2017 12:28

         Солүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өткізілді.

         Департамент басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов шараны аша отырып, шынайы тәуелсіздік алудың арқасында Қазақстан қысқа мерзімде мықты да гүлденген мемлекет құруда таңғаларлық жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Барлық азаматтардың игілігі үшін жұмыс істеуге қабілетті, тиімді, бәсекеге қабілетті экономиканың негізі құрылды,. Әрине, барлық осы асулар мен Қазақстанның жетістіктеріне қойылған жоғары баға –мемлекет Басшысы, ұлт Көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  саяси ерік-жігері мен орасан еңбегінің нәтижесі. Қазақстандық мемлекеттіліктің негізі мен берік іргетасын Президент саясатының  басты қағидасы – барлық қоғамдағы бейбітшілік пен келісім құрайды. Бұл баға жетпес тәжірибе – біздің басты байлығымыз және құндылығымыз!

Ардагерлер кеңесінің атынан құттықтау сөзді, кеден қызметінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаламыздың құрметті азаматы  Бауыржан Ниязұлы Құлжанов айтты.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің антын беруге мінбеге бас маман Б.Ж. Ахметжанов  шақырылды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтарымен бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды.

Тәуелсіздік күні мейрамының қарсаңында мамандықтың беделін көтеру, ең жақсыларды анықтау және қолдау мақсатында, облыстың мемлекеттік кірістер органдарының арасында  2017 жылдың «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің үздік қызметшісі» номинациясында бірінші, жыл сайынғы байқауы өткізілді, онда жарысқа қатысушылардың кәсіби, іскерлік және шығармашылық қасиеттері сыналды. Байқау 3 кезеңде өткізілді.

Бұдан әрі байқаудың екі  кезеңіне қатысу қорытындысы бойынша  марапатталған:

- СҚО бойынша МКД Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы - А. М. Макенов.

Байқау мәресіне жеткен қатысушылар жоғары кәсіби біліктілігі, іскерлік белсенділігі және шығармашылық тәсілдері, белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды:

- Жедел-іздестіру қызметі басқармасының  Көлеңкелі экономикаға қарсы іс, салықтық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің бас маманы – аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі - М. С. Ереженов:

- Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы - А. С. Ысқақова:

Байқаудың  " Гран-При»  және жеңімпаз кубогы:

СҚО бойынша МКД Ұйымдастыру-қаржы басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы - К. С. Шәкеноваға табысталды.

                   

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті