Жарияланған күні: 17.03.2017 14:52
Өзгертілген күні: 17.03.2017 14:53

          Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен  көрінеу өтірік жасанды есеп- бақылау маркаларымен алкоголь өнімін сату бойынша заңсыз іс- қимылды ұзақ уақыт бойына іске асырған, орныққан ұйымдастырылған қылмыстық топтың  іс- қимылы кесілді.  

         Жедел-іздестіру іс-шаралар  жүргізу барысында, қылмыстық топ мүшелеріне жататын, жүк автокөлік құралдарынан және қоймалардан, Ресей Федерациясының  аумағына әкетуге арналған, жасанды акциздік маркалармен 85 млн. теңгеден аса сомасына    шамамен 100 000 шыны алкоголь өнімі   алынды.     

         А.ж. 15 наурызында сот санкциясымен  қылмыс тобының төрт мүшесіне  «қамауда ұстау» түрінде  бұлтартпау шарасы қолданылды. 

        Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.