Жарияланған күні: 05.12.2017 10:17
Өзгертілген күні: 05.12.2017 10:19

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында СҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе видеоконференция режимінде СҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарын қосып бухгалтерлер Клубының 17 отырысын өткізді.   

   

   Шарада аталған негізгі тақырыптар:

     - жаңа Ережеге сай электрондық есеп-фактуралар көшірмелерін беру;

     - салықтық есеп формаларын толтыруда жиі жіберілетін қателіктер;

     - оңалту және банкроттау рәсімі;

     - салық міндеттемелерін орындау; 

  Салық төлеушілерден туындаған сұрақтарға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлері толық нақты жауаптар берді.