Жарияланған күні: 26.12.2017 17:31
Өзгертілген күні: 26.12.2017 17:32

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Тәуелсіздік  күні мерекесі қарсаңында мамандықтың беделін  арттыру, облыстың мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің арасында  үздік қызметкерлерді анықтау және қолдау мақсатында, сайыскерлердің  кәсіби, іскерлік және шығармашылық қасиеттері бағаланған 2017 жылға  «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  үздік қызметкері» номинациясында бірінші жыл сайынғы конкурсы  өткізілді. Бірінші  кезеңде департаменттің барлық қызметкерлері қатысты.

   Онлайн-дауыс беру арқылы конкурстың бірінші кезеңінде қызметкерлерге қатысу үшін  ақпараттық бағдарлама құрылды, осыған сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер  басқармаларының әрбір қызметкерін  қоса, департаменттің әр қызметкері осы  кандидат  атағына лайықты тұлғаға  жасырын дауыс берді.  Конкурстың  1 кезең қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған тек  20 кандидат  ғана екінші кезеңге  өтті.

       Дауыс беру   екінші кезеңіне өткен кандидаттар  конкурстық комиссияға «Мен-Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметшісімін»  тақырыбына эссе ұсынды. Барлық конкурс қатысушылары осы тапсырмаға жауапкершілікпен қарады. Ұсынылған эссені    қарау  қорытындысы бойынша  конкурстың 3 кезеңіне 3 үміткер анықталды:

             Шәкенова Қарлығаш  Серікқызы – Департаменттің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Тайынша ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары -   Рамазанов Арман Маратұлы,  Ереженов  Марат Сарсембайұлы– Департаменттің Жедел-іздестіру қызмет басқармасының бас маман- аға офицері, Ысқақова Әсел Сәбитқызы-  Департаменттің кеден блогының бас маманы.  

      Конкурстың үшінші кезеңінде әрбір кандидат кәсіби қызметі бойынша  презентация ұсынды. Осы конкурсқа кандидаттар  шығармашылық нөмірлерін  - бейне-слайдтар мен тақырыпты тақпақ түрінде   ұсынды.    

      Шығармашылық конкурс қорытындысы бойынша  конкурс жеңімпазы   болып  Шәкенова Қарлығаш Серікқызы  анықталды.

  Ол  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты жиында  грамотамен,    «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің үздік қызметкері»  жазуы бар кубокпен және де ақшадай сыйақымен марапатталды.    

   Қалған үш қатысушы    - Рамазанов А.М., Ереженов М.С. және Ысқақова   А.С.  белсенді қатысқаны, жұмыста көрсеткен  жоғары кәсіби қасиеттері мен іскерлігі,   шығармашылық әдістері  үшін дипломдар  және сыйақылармен марапатталды.

Алдағы уақытта  осындай конкурстар Департаменттің  жақсы және ізгілік дәстүріне  айналатыны сөзсіз.