Жарияланған күні: 16.05.2019 17:52
Өзгертілген күні: 16.05.2019 17:55

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жолымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасауды тапсырды.

Жоғарыда көрсетілген тапсырманы орындау үшін  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 57-1-баппен толықтырылды, осы баптың ережесі қолданылмайды:

1.     ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;

2.     2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бір немесе бірнеше төмендегі қызметтерді:

- жерасты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;

- акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;

- жеке тұлғаларға, кәсіпкерлік қызметті, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыруға байланысты пайда болған салық берешегін қоспағанда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 21.01.2019 ж. № 39 бұйрығымен «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары» бекітілді. Ол 08.02.2019ж. қолданысқа енгізілді, ол:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;

      2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасын;

       3) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайдағы өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару тәртібін көздейді.

Мемлекеттік кірістер органдары «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларына» сәйкес өсімпұлды одан әрі есептен шығару рәсімі үшін негізгі борышқа ақы төлеуді жүзеге асырған салық төлеушілердің мониторингін күнделікті негізде жүргізеді.

Мәселен, 23.04.2019 жылғы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 345 салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 92 889,3 мың теңгеге өсімпұлдар есептен шығарылды.

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті