Жарияланған күні: 04.12.2017 18:31
Өзгертілген күні: 04.12.2017 18:33

СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Қазақстан   Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге орай департамент мамандарымен салтанатты жиын өткізілді.    

 

         Департамент басшысы Д.Е.Жанәлінов «Бұл мереке айрықша екендігін, Нұрсұлтан  Назарбаевтың еліміздің дамуы мен құрылуына зор үлес қосқанын атап өтті. Бұл өз Перзидентіне, Елбасына деген халықтың  алғысын білдіретін  заңды   көрініс,  біздің қазақстандық жолымызды тағы да  пайымдау мүмкіндігі. Сондықтан әр ұлт өкілдері, ел халқы Тұңғыш Президенті күнін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алады, бұл Қазақстан халқының бірлігі күні! Біздің Қазақстанда әрдайым ашық аспан, елімізде тұрып жатқан, барлық халық   бейбітшілікте, достық пен келісімде  болсын. Осы салтанатты күнде  баршаңызға денсаулық, жақсы тұрмыс, барлық бастамаларыңызға табыс, өзара түсінушілік пен болашаққа деген сенім тілеймін»  құттықтау сөзімен  салтанатты жиынды ашты.

 

Ардагерлер кеңесінің атынан салық органы ардагерлер кеңесі  төрағасының орынбасары  Овденко Наталья Федоровна   «Қазақ мемлекеті және  еліміздің жаңа тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыбына баяндама жасады.

 Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы қаржы органында және Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің жүйесіндегі мінсіз және жемісті  жұмысы үшін, Қазақстан Республикасы   Қаржы министрлігінің 02.11.2017ж.  №717 бұйрығымен ұлттық валюта-теңге күнін атап  өтуге орай, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ербол Құмарбекұлі «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

СҚО бойынша МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің  басшысы Әсел Сергейқызы Пуштанова Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында  қоғамның рухани негіздерін күшейтуге, әлеуметтік-экономикалық дамуға айрықша үлес қосқаны, облыстың қоғамдық  өміріне  белсенді қатысқаны үшін және Қазақстан   Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге байланысты, СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары  Руслан Қайыргелдіұлы Рақымберді облыс Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

       Сонымен қатар СҚО бойынша МКД заң басқармасының басшысы Асылан Тұрлыбекұлы Тәліпов   облыс Әкімінің Алғыс  хатымен марапатталды. 

 

         Бұдан басқа,  шығармашылық мереке қарсаңында    сайыскерлердің шығармашылық сапасы, зияткерлігі және өмірлік ұстанымдары  бағаланған,  облыстың мемлекеттік кірістер  органы қызметкерлерінің арасында «Мисс ДГД по СКО»  және «Мистер ДГД по СКО» номинациялары  бойынша  сайыс өтті.

 Өткізілген сайыс қорытындысы бойынша «Мистер ДГД по СКО» номинациясында СҚО бойынша МКД адам ресурстары басқармасының басшысы Мұхамеджанов Мұрат Бағытжанұлы, «Мисс ДГД по СКО» номинациясында Петропавл қ. бойынша МКБ жеке кәсіпкерлермен, адвокаттармен, нотариустармен жұмыс және арнайы салық режимдері бөлімінің бас маманы  Мұхамбетова Алина Оңдасынқызы жеңімпаз болып атанды.